1980 жылғы Олимпиада чемпионы қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ құрамасының бұрынғы хоккейшісі, 1980 жылы Лейк-Плэсиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Боб Сутер 57 жасында дүниеден озды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Сутер «мұз айдынындағы ғажайып» авторларының бірі болды, 1980 жылғы 22 ақпанда өткен КСРО мен АҚШ құрамалары арасындағы ойын осылай аталып кетті. Ол кезде КСРО командасы финалдық турнирдің бірінші матчында студенттерден құрылған ойыншылар командасынан 3:4 есебімен жеңілген болатын. Американдықтар бұдан кейін түпкілікті жеңіске жетті, олар Финляндия құрамасымен финалдық турнирдің қорытынды матчында Олимпиада алтынын қанжығаларына байлады.
Соңғы уақытта Боб Сутер өзінің ұлы ойнайтын «Миннесота» командасында скаут болып қызмет етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.