199 жас маманға 236 млн теңгеге жуық біржолғы көмек беріледі - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, былтыр ауылдық елді мекендерге барып  жұмысқа орналасқан 307 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 213,5 млн  теңге бөлінген, деп хабарлады ҚазАқпарат.
None
None

 Ауылға барған жастардың денін  білім беру саласының мамандары құрайды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласы да жас мамандармен толығып келеді.

Биылғы жылы ауылдарға барып еңбек етуге бел буған 199 маманға төленетін біржолғы көтерме жәрдемақы үшін 235,8 млн  теңге бөлініп отыр. Бұған қоса жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 537 маманға 1827,7 млн теңге қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар