1991 жылдың 1 желтоқсанындағы сайлауда Қазақстан халқы өз тағдырын Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсырды – Қ. Саудабаев

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы сайлауда Қазақстан халқы өз тағдырын Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсырды. Бұл туралы бүгін Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің пленарлық отырысында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев айтты.

1991 жылдың 1 желтоқсанындағы сайлауда Қазақстан халқы өз тағдырын Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсырды – Қ. Саудабаев

«1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында ел Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Онда біздің халқымыз өз тағдырын Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсырды. Осы орайда осы атаулы датамен Мемлекет басшысын құттықтаймын», -деді Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ Саммитінің пленарлық отырыс барысында.

Қазақстан тәуелсіздігінің 19 жылдығы қарсаңында ЕҚЫҰ секілді беделді ұйымның төрағасы ретінде Ұйымның Саммитін қабылдап отырғадығын айтқан Қ. Саудабаев: «Бұл өз кезегінде халықаралық қоғамдастықтың біздің елдің елеулі табыстарын, яғни тәуелсіздіктің осы аз ғана уақытында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, демократиялық дамуын объективті түрде мойындауы болып табылады" -деді.