1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір ұзақтығы 67,4-ден 69,6 жасқа артты
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір ұзақтығы 67,4-ден 69,6 жасқа артты. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір ұзақтығы (КӨҰ) 67,4-ден 69,6-ға артты. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін КӨҰ 67,4-тен 63,5-ке дейін төмендеді. Бұдан кейін оның арту үрдісі байқалды. 2012 жылы ол алдын ала бағалау бойынша 69,6 жасты құрады. Оның ішінде ерлерде - 64,8 жас, әйелдерде - 74,3 жас», - деді ол.
Агенттік басшысының айтуынша, 1995 жылмен салыстырғанда өмірдің орташа күтілетін ұзақтығы көрсеткіші ерлерде - 6,8 жасқа, әйелдерде - 4,9 жасқа ұлғайғаны байқалды. Бұл кезде осы көрсеткіштің гендерлік белгісі бойынша айырмасы 1995 жылдағы 11,4 жастан 2012 жылдағы 9,5 жасқа дейін қысқарды.