1994 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8 131 стипендия тағайындалды

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - 1994 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8 131 стипендия тағайындалды.

1994 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8 131 стипендия тағайындалды

Бүгін Астанада «Kazakhstan Education Abroad» көрме-форумына байланысты өткен баспасөз мәслихатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Саясат Нұрбек осылай мәлім етті.

Сөз арасында «Болашақ» бағдарламасының тарихына тоқталған Саясат Нұрбек, оның 1993 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың   бастамасымен құрылғанын атап өтті.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» білім саласындағы 500-ден астам әртүрлі әріптес-жоғары оқу орындарымен, түрлі білім беру ұйымдарымен жұмыс істеп келеді. «Болашақ» стипендиясы иегерлері арасында білім алушылардың басым бөлігі Ұлыбританияны таңдаған, бұл көрсеткіш  42 пайызды, ал АҚШ-та оқушылар саны 24 пайызды, Ресейде оқитындар - 7 пайызды құрап отыр. Былтыр «Болашақты» 1066 азамат бітірді», - деді С. Нұрбек.