1996-2013 жылдары шыққан доллар купюралары жарамды ма - Ұлттық банк жауабы
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Ұлттық банкі 1996 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде шығарылған қолма-қол АҚШ долларын ЕДБ айырбастау пункттерінің және банктік емес айырбастау пункттерінің айырбастаудан бас тарту фактілері бойынша азаматтардан түсетін шағымдардың жиілеп кеткеніy хабарлайды.
Осыған байланысты Ұлттық банк бұл банкноталардың заңды төлем құралы болып табылатынын және олардың түпнұсқалығы расталған және зақымдануы болмаған жағдайда Қазақстанның айырбастау пунктерінде комиссиясыз қабылданатынын еске салады.
- Егер банкноталар бүлінбеген болса және айналыста жарамсыз деп танылмаған жағдайда ҚР заңнамасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау үшін комиссиялар көзделмеген.
Айырбастау пункттері алынатын комиссияны айырбастауға қабылданатын банкноталар төлемге қабілетсіз немесе одан әрі айналысқа жарамсыз болған жағдайда ғана белгілеуі мүмкін екенін атап өтеміз, - деп жазды Ұлттық банктен.
Егер айырбастау пункті комиссия алса немесе шетел валютасын шыққан жылына қарай қабылдаса, валюта айырбастаудан негізсіз бас тартса, сол айырбастау пункті орналасқан жердегі Ұлттық банктің аумақтық филиалына шағымдану қажет. Шағыммен қатар барлық қажет ақпарат пен құжатты қоса көрсету керек, бұл заңға сәйкес шара қолдануға мүмкіндік береді.
ҚҰБ аумақтық филиалдарының байланыс деректері жөніндегі ақпаратты ҚҰБ-тың ресми интернет-ресурсынан табуға болады.