1999-2000 жылдары туған балалар арасында шағын футболдан Асан Қариевті еске түсіруге арналған турнир өтеді
АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тамыздың 21-23 күндері Талғар қаласында шағын футболдан 1999-2000 жылдары туған балалар арасында Асан Қариевті еске түсіруге арналған турнир өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан спортын дамыту қорына сілтеме жасап.
Оны Қазақстан спортын дамыту қоры мен "Textiline Қазақстан" компаниясының қолдауымен "Dush santush" ұйымы ұйымдастырып отыр. Бұл шара "Textiline" спорт кешенінде өтпек. Оған Алматыдан 6, Талғар қаласынан 2 команда қатыспақ. Олар - "Динамо", "Цесна", "Мирас", "Lokomotiv Union 99", "Lokomotiv Union 2000", "Almaty United" және "Олимп", "Athletic -Тextiline"футбол клубтары.