1999-2008 жылдар аралығында республикада заңды тіркелген некелердің саны үнемі артып келген - Статистика

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәселен, Агенттіктің мәліметінше, 1999 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қазақстанда заңды некелесу саны үнемі арту үрдісін көрсетіп келген. Дегенмен, бұл көрсеткіштер 2008 жылы төмендеп, 135,3 мың некені құрады.
«Некелесудің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,8-ден 8,6 промиллеге дейін артты. Ол 2009 жылдың қаңтар-қарашасында 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 промиллеге артты», - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Сондай-ақ олардың ақпаратына сәйкес, 2008 жылы заң жүзінде ажырасушылардың саны 1999 жылғы 25,6 мыңнан 35,9 мыңға дейін артқан. Ажырасқандардың жалпы коэффициенті 1 мың адамға шаққанда 1,7 промилледен 2,3-ке өсті.
Ал өткен жылдың 11 айында, 2008 жылдың осындай кезеңіндегі 2,3 промилле көрсеткішінен, 2,4 промиллеге артты.