1999 жылы ұрланған Рембрандтың картинасы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда ұрланған Рембранттың «Сабын көпіршігіндегі бала» атты картинасы табылды, деп жазады Liberation газеті. Басылымның мәліметі бойынша, екі ер адам кеше Ниццеде туындыны сатпақ болған жерлерінен ұсталды.
None
None

Картина 1999 жылы Драгиньян қаласындағы мұражайдан ұрланған. Оқиға орын алған күні сол маңда әскери техниканың парады өтіп жатқан. Көшелер жабық болғандықтан полиция оларды ұстап үлгермеді. Міне, араға бірнеше жыл салып, картина табылды. Өнер туындысының сол кездегі бағасы шамамен 5,5 миллион долларға бағаланған болатын.

Соңғы жаңалықтар