2,1 млн қазақстандық адам вакцина салдырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 маусымда Қазақстанда 109 395 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Вакцина алуда бұрынғыша Алматы қаласы көш бастап келеді, мұнда 306 678 адам екпе салдырған.
Тізімді Маңғыстау облысы түйіндейді, бұл өңірде 39 884 адам вакцина алды.
Елордада - 160 406 адам екпе салдырса, «қызыл» аймақтағы - Ақмола мен Қарағанды облыстарында тиісінше -74 141 және 160 3517 адамнан.