«2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары кімге арналған
«11 мамыр күні Мемлекеттік комиссия отырысында баспана құрылысындағы мәселелерді шешу, оның ішінде «Отбасы банк» ұлттық институтын құру туралы тапсырма берілді. Оның басты идеясы - баспанасы жоқ әрбір қазақстандықтың орталыққа жүгініп, өз табысына сәйкес қолжетімді баспана алу мүмкіндігі. Іріктеу азаматтардың санатына қарай емес, нақты табысына қарай жүргізіледі», - деп түсіндірді Б. Атамқұлов Үкімет үйінде өткен брифингте.
Министр алғашқы топқа табысы төмен азаматтардың енетінін айтты. Отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31 200 теңгеден келетін отбасы арендалық баспананы алады.
Отбасының әр мүшесіне күнкөріс деңгейінің екі есе көлемі - 62,4 мың теңгеден келсе, олар «2-10-20» бағдарламасымен 2% баспана ала алады.
«Әр адамға күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінде - 96 700 теңгеден келетін табысы бар азаматтар 5-10-20 бағдарламасымен баспана ала алады. Ал күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінен де жоғары табыс түсетін отбасы - 7-20-25 бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерде пәтер алады, бұл - нарықтық ипотека», - деді Б. Атамқұлов.