2,3 млн қазақстандық 21 250 теңге алды – Еңбек министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2,3 млн-нан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2,3 млн қазақстандық 21 250 теңге алды – Еңбек министрлігі

«13 тамызда сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 541 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 320,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 304,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды», делінген.

2 млн 541 мың өтінімнің ішінде:

– 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 656,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 394 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 656,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 243,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 463,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 329,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 320,9 мың қазақстандыққа аударылды.