2-4 сәуір күндері найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы 2-4 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2-4 сәуір күндері найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

Алдағы күндерде Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райын циклон анықтайтды. Демек, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдап, күшті екпінді жел тұрады.

Ауа температурасы да көктемгідей: күндіз оңтүстікте - 15...25°, солтүстік облыстарда - 5...15°С жылы болады.