2,5 метрлік адамның сүйегі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Хатлон облысы Фархор ауданында археологтар 10 метр тереңдіктен 2,5 метрлік адамның сүйегін тапты деп хабарлайды nurotau.kz. Моладан сондай-ақ, Будданың мүсіндері де табылған.

2,5 метрлік адамның сүйегі табылды

Зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдардың айтуынша, мәйіттің басында тәжі және жанында қылышы және мыстан жасалған айнасы болған. Археологтар моланы көне қалашық орнында екі айдан бері жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының барысында тауыпты.

Фархор ауданы музейінің директоры Азизулло Мұратовтың айтуынша, табылған сүйек Тәжікстанның ғылым академиясына зерттеу үшін жіберілген. Мұнда оның қай кезеңге тиесілі екені анықталады.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, 2,5 метрлік адам өз заманында құрметті жауынгер немесе қолбасшы болған. Оның жанынан табылған жәдігерлер осының айғағы дейді олар. Ал моладан шыққан Будда мүсіндері - қазіргі Тәжікстан аумағында буддизмнің өркендегенінің айғағы. Археологтардың айтуынша, мүсіндердің жасалу кезеңі біздің заманымызға дейінгі уақытқа тиесілі.

Дьявол носит Prada 2
Ұқсас жаңалықтар

233 млн доллар: «Дьявол носит Prada 2» фильмі әлемдік прокатта бірінші орынға шықты