2,5 мың жылдық тарихы бар Алтай ханшайымының мумиясы жұртшылыққа көрсетілмек

Бұған дейін мұражай басшылығы жақсы сақталған Алтай ханшайымының бейнесі бойынша жасалған манекенді көрмеге қоймақшы болған. Өйткені мұражайдағылар «өлген адамның сүйегін көпшілікке көрсету» әдептілікке жатпайды деп есептеген. Алайда кейінірек мұражай келушілеріне шынайы мумияны көрсету туралы шешім қабылданыпты, өйткені Алтай Республикасының басшысы Александр Бердников Укока ханшайымы - алтайлықтардың мінәжат ететін нышаны әрі экскурсия тартуға басты нысан болуы тиіс деген.
Айта кетейік, Алтай ханшайымын новосібірлік археологтар 1993 жылы Укок шоқысындағы Ак-Алах-3 қорғанын қазу барысында тапқан. Мумияның жасы 2,5 мың жылды құрайтын көрінеді. Қазір мумия Новосібірде сақтаулы, дегенмен тамыз айында ол Таулы Алтайға әкелінеді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.