12:20, 11 Шілде 2016 | GMT +5
2,6 млн. бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары Жайық өзеніне жіберілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2,6 млн.дана бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберілді.
Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде 900 мың данасы бекіре шабағы және 1,7 млн. дана шоқыр шабағы.
ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық қорын қалпына келтіретін кәсіпорындары жыл сайын «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 168,4 млн. дана құнды балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіріп әрі қарай табиғи мекен ету ортасына жібереді.
Балық шабақтарын өсіру биотехнологиясына сәйкес құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.