2 адам пневмониядан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2 адам пневмониядан көз жұмды

Оған қоса 83 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44951, 483 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32523 жетті.