2 адамның өмірін қиған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да өрттің орын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

бір өрт сөндіруші күйік шалу белгісімен ауруханаға жеткізілген болатын.
Бұл туралы Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуратурасында хабарланды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургиялық комбинатында өрттің орын алу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 256 бабымен (Абайсызда адам өліміне немесе ауыр жағдайларға алып келген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу) қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады қалалық прокуратура.
Естеріңізге сала кетейік, 15 мамырында сағат 14.30-да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның аглоөндірістік цехында домна пешіне шихтаны жеткізіп тұратын конвейердің лентасы өртенді. Өрттің таралуы сағат 17.55-те тоқтатылды.
Өрттің салдарынан «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның аглоөндірістік цехында жұмыс істеген 45 жастағы машинст және №14-інші өрт сөндіру бөлімінің 40 жастағы өрт сөндірушісі көз жұмды. Өрт сөндіру бөлімі қарауылының 32 жастағы басшысы зардап шекті, ол 90 пайыз күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен өрт сөндіруші Теміртау қаласының орталық ауруханасында жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалауда.