2 ақпан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 2 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

2 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

9.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде «Инвесторлардың құқықтарын қорғау» тақырыбында инвестициялық форум өтеді.

11.00-де Журналистер үйінде «Неліктен депутаттар бәсекелестікке тыйым салады?» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Radisson Hotel Astana қонақ үйінде «Энергетикалық инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіптің өзекті мәселелері, Президенттің 2029 жылға қарай берік өнеркәсіптік қаңқа құру және экономиканы екі есеге ұлғайту туралы мақсаты тұрғысынан оларды шешу жөніндегі ұсыныстар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де ҚР Кәсіподақтар федерациясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша онлайн брифинг өтеді.

16.00-де «Аланда» қонақ үйінде «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясының баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Жастар театрында «Жібек» мюзиклі қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар