2 гектар мемлекетке қайтарылды: Жетісуда заңсыз қоқыс өңдейтін зауыт салмақ болған

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісуда прокурорлар жер телімін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

2 гектар мемлекетке қайтарылды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

— Кәсіпкерге ҚР Жер кодексін бұза отырып, сауда-саттықсыз (аукционсыз) қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін көлемі 2 гектардан астам жер учаскесі берілген.  Талдықорған қаласы прокурорының қадағалау актісімен облыстың жер ресурстарын басқару Департаменті талап арыз беріп, сот оны қанағаттандырды. Әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, құны 3,9 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 22 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар