2 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 2 қараша күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
11.00-де Оқушылар сарайының конференц-залында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық парктерде экологиялық бұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілікті күшейту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
19.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Тал бесіктен жер бесікке дейін» концертін өткізеді.
АЛМАТЫ
10.30-да Қазақстан-Британ техникалық университетінде Орталық Азиядағы энергетикалық және гидротехникалық кешендерді жаңарту және инновация бойынша халықаралық форум өтеді.