2 қараша. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 2 қараша күні танымал тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсырмасы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) лауазымын атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады.
Оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елдің көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсынады. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауылшаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады.
Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды. Ыбырайдың пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды.
1879 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ыбырай жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі - Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»).
Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»). Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкіметінің 1989 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырай Алтынсаринның 150 жылдығына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды.

Ақмола облысы Макин ауданының Еркіндік ауылында туған. 1992 жылы Мәскеу заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бiтiрдi.
1975 жылдан бастап Целиноград қаласында еңбек жолын бастады. 1975 жылдан 1994 жылға дейін Целиноград қаласы облыстық әкiмшiлiгiнiң аппаратында әр түрлi қызметтерде жұмыс істеді. 1996 жылдан 2000 жылға дейін, Ақмола облысы прокуратура органдарында қызмет атқарды. 2000-2001 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында әр түрлі лауазымдарда болды. 2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттiк органдары қызметiндегi заңдылықты қадағалау департаменті бастығының орынбасары. 2005 жылғы шілде айынан 2013 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары. 2013-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.
Қазіргі қызметінде - 2019 жылғы қыркүйектен бері.
«Құрмет» орденімен (2006ж.), «Прокуратура озаты» 2-санатты төсбелгісімен (2002ж.), «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж) медальдарымен марапатталған.

Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеевка ауданының Марьевка ауылында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Алматы саясаттану және басқару институтын, Қазақстан-Ресей университетiн «ғалым-агроном», «саясаттанушы», «юриспруденция бакалавры» мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1981 жылы Булаев ауданы Қарақоға кеңшарында агроном-тұқым өсiрушi болып бастады. Әр жылдары Булаев аудандық комитетiнiң және Солтүстiк Қазақстан облыстық комсомол комитетiнiң екiншi, бiрiншi хатшысы, сондай-ақ «Интер» шағын кәсiпорны директорының орынбасары, ғылыми-өндiрiстiк еңбек биржасы директорының орынбасары қызметiн атқарды. 1994-2004 жылдары әртүрлi коммерциялық ұйымдарды басқарды. 2004-2017 жылғы ақпан аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы болып қызмет еттi.
2017 жылғы 1 наурыздан бастап - қазіргі қызметінде.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен, «Қазақстан тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталған.

2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2001 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің ғылыми қызметкері. 2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы саясат және талдау орталығының сарапшысы. 2003-2005 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері. 2005-2011 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы, ақпараттық-талдау орталығының сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының орынбасары. 2013-2014 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2014-2016 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директоры. 10. 2016-12.2016 – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар (Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау) комитетінің төрағасы. 2018-2019 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі – Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институтының директоры. 2019-2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық униеверситетін «екі тілді меңгерген халықаралық қатынастар жөніндегі маман» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Вашингтон қаласындағы, АҚШ, Джорджтаун университетінде алған іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі аппараты жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту қауымдастығының менеджері болып бастады. 2004 жылы Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі инновациялық саясат және жаңа технологияларды дамыту департаментінің жаңа технологиялар бөлімінің жетекші маманы. 2004-2006 жылдар аралығында «ҚазМунайГаз» БӨ» АҚ-да әкімшілік департаментінің маманы, бас маманы, бас директорының көмекшісі, ТЖАБЖ департаментінің бас инженері сияқты түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2006-2010 жылдары аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамтымын дамыту департаменті бастығының орынбасары. 2010-2014 жылдары аралығында NCOC-та (North Caspian Operating Company) бас менеджердің сервис жөніндегі орынбасары болып, содан соң сервис жөніндегі бас менеджері болып қызмет атқарды. 2014 жылдың қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, ал 2014 - 2016 жылдары «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС директоры болды. 2016 жылдың 15 қаңтарынан «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды. 2016 жылғы 12 ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылдың тамызынан - қазіргі қызметінде.