2 қарашада Алматыда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 қарашада Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 қарашада Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматы қаласында жағымсыз метеожағдай қалыптасады. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.