2 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 қазанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

2 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ЭКСПО кешенінде NUR ALEM болашақ энергиясы музейінде суретші Елена Ралинаның «Жылдың жеті күнінде» атты жеке сурет көрмесі ашылады.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Мәдениет күндері аясында «Қазіргі Беларусь суретшілер көзімен» атты көркемсурет көрмесі өтеді.

18.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қойылады.

19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрында «Көзімнің қарасы» музыкалық драмасы қойылады.

АЛМАТЫ

10.00-де «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев және партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов Dolce-Pharm фабрикасының басшылығымен және жұмысшыларымен кездеседі.