2 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 2 қазанда өтетін маңызды шараларға шолуын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймагамбетов азаматтарды қабылдайды.

11.30-да Astana Hub-та Электронды үкіметтің цифрлық жаңалықтары таныстырылады.

14.30-да «Hilton Astana» қонақ үйінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия ассамблеясының 8-отырысы өтеді.

15.00-де ҚР Үкіметінде ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтың қатысуымен мұнай-газ саласын дамыту және жергілікті қамту үлесін ұлғайту туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек Қазақстанның су полосы командасын күтіп алады.

АЛМАТЫ

15.00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейінде суретші Гүлфарида Жаниярованың «Моя любовь: куклы, цветы и добрые, добрые сказки...» жеке көрмесі ашылады.

Соңғы жаңалықтар