2 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қазан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы сақталады, елдің тек шығыс және оңтүстік шығысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
None
None

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстанның кей аумақтарында 15-20 м/с-қа дейін желдің күшеюі күтіледі. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с артады,  Жамбыл облысында оның екпіні 25 м/с жетеді. 

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Алматы, Қарағанды облыстарында 5 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Сондай-ақ Қызылорда облысында, Ақтөбе мен Атырау облыстарының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар