10:52, 05 Маусым 2014 | GMT +5
2 күнде 10 мыңнан астам мектеп түлектері ҰБТ-дан шекті деңгейге жете алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2-3 маусым күндері Ұлттық бірыңғай тестілеуде 10 мыңнан астам мектеп түлектері шекті деңгейге жете алмады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО).
ҰТО ақпараты бойынша 2-3 маусым күндері тестілеуге 43498 түлек қатысты, оның 30958-і қазақ тілінде оқитындар, 12540-ы - орыс тілінде оқитындар. 2 күнде 2 түлек: Халықаралық білім корпорациясы (Алматы) базасында тест тапсырған №178 лицей түлегі Айғаным Әбдіжапар мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында тесті тапсырған Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия түлегі Әсия Марат ең жоғары - 125 балл балл жинады.
ҰТО-дан хабарлағандай, 2 маусым күні 6229 түлек, ал 3 маусым күні - 3883 түлек шекті деңгейді еңсере алмады. Бұл ҰБТ тапсырғандардың жалпы санының 23,25 пайызы. Тестілеудің 2 күні ішінде 2 522 тесті тапсырушы пәндердің бірінен қанағаттанғысыз баға алды.