15:12, 15 Тамыз 2015 | GMT +5
2 күнде ДАИШ содырларының шабуылынан қаза тапқан ливиялықтардың саны 169 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливияның Сирт қаласында ДАИШ («Ислам мемлекеті») лаңкестік тобының шабуылы салдарынан екі күннің ішінде қаза тапқандардың саны 169 адамға жетті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Жергілікті дереккөздердің ақпаратына қарағанда, ИМ содырлары мен олардың қарсыластарының арасындағы қақтығыстар салдарынан Сирт қаласының тұрғындары баспаналарын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болуда. Бұған қоса, ДАИШ содырлары қалаға бірнеше мәрте шабуыл жасаған. Мәселен, бейсенбі күні олар 30 жергілікті тұрғынды өлтірсе, жұма күні содырлар қала аудандарының біріндегі медициналық орталықтың 22 емделушісін өлтіргендіктерін жария еткен.
Сонымен қатар Бенгази қаласында ДАИШ содырлары мен Ливия армиясы арасындағы қарулы қақтығыс кезінде кемінде 42 адам оққа ұшып, ондаған адам жарақат алған.