2 мамыр. Тұлғалар туған күн

2 мамыр. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform

Бүгін, 2 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1964) Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Рахметоллақызы РАЙЫМҚҰЛОВА дүниеге келді.

РАИМКУЛОВА Актоты Рахметоллаевна
Фото: edu.kz

1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «композиция» және «фортепиано» мамандықтары бойынша, 1994 жылы «композиция» мамандығының ассистентурасын бітірді. Сонымен қатар 2007 жылы Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистратурасын тәмамдаған. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағының иегері.

Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, 1991-1994 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ассистентура-стажер, 1995-2011 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, ректор көмекшісі, доцент, профессор м. а., әлеуметтік-экономиканы ұйымдастыру жөніндегі проректоры, 2003-2007 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында «Композиция және оркестрлік дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі (қосымша), 2007-2008 жылдары Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композитор және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі (қосымша), 2013-2014 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында Ғылыми-шығармашылық істері жөніндегі проректоры болды. 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төрағасы орынбасарының м.а, 2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры, 2016-2019 жылдары ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, 2019-2022 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрі, 2022-2023 жылдары Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болды. 

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

59 жыл бұрын (1965) Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы КӨШЕРБАЕВ дүниеге келді.

КОШЕРБАЕВ Ермек Беделбаевич
Фото: ШҚО әкімдігі

Алматы қаласында туған. 1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолы: 1988-1991 жылдары ҚазКСР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі, 1993-1994 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, 1994-1996 жылдары ҚР Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы, 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы, 2000-2001 жылдары «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2001-2003 жылдары аппарат басшысы, бірінші вице-президент кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ президент аппаратының басшысы, 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз ҰК» президентінің аппарат басшысы, 2006-2007 жылдары «Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы, 2007-2008 жылдары «KazEnergy Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, 2009-2010 жылдары «Ертіс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы, 2010-2014 жылдары ШҚО әкімінің бірінші орынбасары, 2014-2016 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2016-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, 2018-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болған. 2019-2020 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын атқарды. 

2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде. 

44 жыл бұрын (1979) ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары ҚАЛЯНБЕКОВ Болат Серікұлы дүниеге келді.

КАЛЬЯНБЕКОВ Болат Серикович
Фото: azattyq-ruhy.kz

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша және Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану-экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Көп жылдар бойы Мәдениет және ақпарат министрлігінде бөлім бастығы, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде инспектор және сектор меңгерушісі болды. Қарағанды қаласындағы Ішкі саясат департаменті және Ақпарат басқармасында қызмет атқарды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде жастар саясаты мәселелерімен де айналысты. 2014-2019 жылдары ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету департаменті ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болды.

«Алматы» телеарнасының бас директоры (02.2019-07.2019).

2019-2022 жылдары - Nur Media холдингінің бас директоры.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар