2 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау, орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын іске асыру тақырыптары қаралады.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының есептік гастрольдік сапары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халыққа арналған цифрлық денсаулық құралдары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Сүйікті менің періштем» комедиясы қойылады.