2 мамырда еліміздің барлық аумағында ауа сапасы жақсарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 мамыр күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік ауа сапасы жақсы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 мамырда еліміздің барлық аумағында ауа сапасы жақсарады

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.