2 маусымнан бастап «Астана - Шымкент» бағытында №79/80 жолаушылар пойызы сапарға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында үстіміздегі жылдың 2 маусымынан бастап №79/80 «Астана - Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызын сапарға аттандыратыны жайлы хабарлады.
Пойыз «Тальго» вагондарынан құралған жүрдек вагондардан жасақталады.
Ол 22 вагоннан тұрады, 3- «Бизнес», 3 - «Гранд», 12 - «Турист», 1 вагон - мейрамхана, 1 вагон-бар және 2 техникалық вагон.
Пойыз Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл стансаларына аялдайды. Астанадан Шымкентке дейінгі жол 15 сағат 35 минутты, қайтар жол 16 сағат 01 минутты құрайды.
Туындаған сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының анықтамалықтарына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне хабарласуға болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.