2 млн теңге кімге бұйырады: Дизайнерлік конкурстың аяқталуына екі апта қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын олдау әрі оны халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында дизайнерлік шешімдер үшін конкурс жариялаған болатын. Сонымен қатар, бұл конкурс арқылы шығармашылық ортаны қолдай отырып, заманауи мәдениетті «Рухани жаңғыру» құндылықтарымен жақындастыра түсу көзделеді. Ендеше, еліміздің шығармашыл азаматтарына, суретші-дизайнерлерге өз идеяларын туындылар арқылы көрсететін тамаша мүмкіндік туып отыр. Бұл конкурсқа өз идеяларының іс жүзінде халық арасында кеңінен көрініс табуын армандаған кез келген тұлға, ұжымдар қатыса алады. Ендеше барша шығармашыл азаматтарды белсенді болуға шақырамыз! Ал «ҚазАқпарат» жариялаған дизайнерлік шешімдер туралы конкурс туралы нені білу қажет?

2 млн теңге кімге бұйырады: Дизайнерлік конкурстың аяқталуына екі апта қалды

Дизайнерлік конкурс аясында не жасауға болады? Конкурсқа қатысу үшін не істеу керек?

Сіз конкурсқа ұсынған заманауи дизайнерлік шешімдер, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қамтылған тақырыптық бағыттарды қамтуы шарт. Яғни конкурстық жұмыстар:

-      Қасиетті нысандар, киелі орындар, тарихи ескерткіштер;

-      Қазақ мәдениеті мен дәстүріне үйлескен элементтер;

-      Туған жеріңе деген махаббат;

-      Білім культі;

-      Бәсекелік қабілет;

-      Прагматизм;

-      Ұлттық бірегейлікті сақтау;

-      Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

-      Сананың ашықтығы

секілді тақырыптармен үйлескені абзал. Әрине, бұл үшін кәсіби суретші немесе мықты, танымал дизайнер болу міндетті емес. Ең бастысы, өз идеяларыңызды дұрыс, тақырыпты ашатын бағытта көрсете білуіңіз керек.

Конкурсқа ұсынылатын шығарма қандай форматта беріледі?

«Рухани жаңғыру» идеясын қамтыған туындыны әртүрлі форматта беруге болады: эскиз, графикалық иллюстрациялар, көркем жазуларды қолдану, қарандашпен салынған сурет, заманауи технологиялар арқылы жасалған креативті туындылар, графикалық дизайндар т.б.;

Соның ішінде арнайы тақырыптық элементтермен - баспа өнімдеріне, киімдерге, әшкейлер, қолмен жасалған бұйымдар және т.б. ұсынуға болады


Конкурсқа қалай қатысуға болады?

 
Конкурсқа қатысу үшін ешқандай жастық немесе басқа да шектеулер жоқ. Тек әрбір тақырыптық бағытқа бір қатысушы немесе ұжым бір ғана шығарма ұсына алады. Ал бұл үшін не істеу керек:

1.   inform.kz сайтындағы «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!»  баннеріне орналасқан конкурс Ережесімен танысу керек.

2.   Өз идеяңызды ұсынылатын тақырыптық жұмыста анық көрсету керек;

3.   Өтінім толтыру (формаға сәйкес);

4.   Өтінімді konkursinform@gmail.com ; электрондық поштасына жолдау

5.   Еске сала кетейік, конкурсқа жұмыстарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15-желтоқсанға дейін жалғасады. Яғни, конкурстың аяқталуына екі апта уақыт қалды. Арнайы құрылған қазылар алқасы келіп түскен өтінімдерді қарап, ең үздік туындыларды анықтайтын болады.

Конкурстан не күтесіз?

Конкурс жеңімпаздарын марапатттау желтоқсанның 21-іне жоспарланып отыр. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталады. Гран-при иегері  2 000 000  теңгеге ие болады.


Жеңімпаздардың ақшалай жүлдесі:


1 орын - 1 500 000 теңге;

2 орын - 1 000 000 теңге;

3 орын - 500 000 теңге;

Конкурсқа қатысушыларды қосымша ынталандыру үшін жалпы сомасы 1 000 000 теңге құрайтын арнайы сыйлықтар қарастырылған.

1 арнайы сыйлық - 400 000 теңге;

2 арнайы сыйлық - 400 000 теңге;

3 арнайы сыйлық - 200 000 теңге;

  

Айта кетерлігі, конкурс арқылы үздік деп танылған дизайнерлік шешімдер кейіннен «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы тақырыптық жұмыстар бойынша пайдаланылатын болады. Мәселен, ондай туындылар кейіннен баспа өнімдеріне (кеңсе заттары, қаламсап, блокнот, газет-телеарна айдарлары т.б.), киімдерге (футболка, кеудеше, шапан, бас киімдерге), түрлі бұйымдарға (ыдыстар, плакаттар т.б.) қолданылатын болады.