2 наурыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 2 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
72 жыл бұрын (1952) танымал тележурналист, Қазақстан Журналистер одағының лауреаты Тілеуқабыл МЫҢЖАСАР дүниеге келді.
Түркістан қаласында туған. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
1975 жылы Қазақ жасөспірімдер телевидениесінде алғашқы хабары эфирге шықты. «Хабар» агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істейді. 1998 жылдан телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі.
«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан журналистер одағының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы. «Хабар» агенттігінің «Алтын микрофонының» иегері.
48 жыл бұрын (1976) Шығыс Қазақстан облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Әскерханқызы МУСИНОВА дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Медведка ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Жезқазған қаласының ІІБ жеке күзет батальонының сержанты болып бастады. 2009-2010 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары аталған әкімдікте әлеуметтік-саяси жағдайды талдау бөлімінің меңгерушісі, 2011-2013 жылдары Өскемен қаласы әкімінің әлеуметтік блок бойынша бас инспекторы болды. 2013-2014 жылдары қала әкімінің кеңесшісі, 2014-2020 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2020-2021 жылдары Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
42 жыл бұрын (1982) - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Болатұлы МЕЙРАМОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған.
Қазақ гуманитарлық заң университетін, заңгер (2003), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, экономист (2005); Лондондағы Кинг колледжін, мемлекеттік саясат саласындағы магистр (2013) бітірген.
Еңбек жолы: 2003-2004 жылдары Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама бөлімі маманының м.а., 2004 жылы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімінің маманы, 2004-2005 жылдары Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті салалық заңнама бөлімінің маманы, 2005 жылы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті салалық заңнама бөлімінің жетекші маманы, 2005-2006 жылдары Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті салалық заңнама бөлімінің бас маманы, 2006 жылы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің салалық заңнама бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Заңнама сараптамасы басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. 2007-2008 жылдары Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Заңнама сараптамасы басқармасының бастығы, 2008-2009 жылдары Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары, 2009-2010 жылдары Қаржы министрлігі Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, 2010 жылы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры, 2010-2011 жылдары Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары, 2011 жылы «Қазақстан Даму Банкі» Заң департаменті директорының орынбасары, 2014-2016 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Коммерцияландыру және инвестицияларды тарту департаментінің директоры, 2016 жылы «БТА Секьюритиз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы, 2016-2017 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры, «Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ Бақылау кеңесінің мүшесі, 2017 жылы «БТА Секьюритиз» АҚ басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2019 жылдары «Финкрафт инвестициялық үйі» АҚ басқарушы директоры, 2019-2021 жылдары «Кселл» АҚ Құқықтық мәселелер және мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінің директоры болды.
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
86 жыл бұрын (1938-2007) Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік және Жастар сыйлықтарының, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, профессор Райымбек Ноғайбайұлы СЕЙТМЕТ дүниеге келді.
Түркістан қаласында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген. 1970-1971 жылдары Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы жоғары режиссерлер курсында оқыған.
1959-1960 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының актері, 1960-1980 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, директоры, 1980-1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Өнер істері басқармасының бастығы, 1982-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. 1995 жылдан өмірінің соңына дейін Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер» кафедрасын басқарған.
Сахналық өнер жолында Әубәкір (Қ. Байсейітов, Қ. Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай»), Арыстан, Сұңғат (Қ. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті»), Қозы (Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Әбіш (М. Әуезов, Л. Соболев «Абай»). Шоқан (С. Мұқанов «Шоқан Уәлиханов»), Жайнақ (Ш. Айтматов «Ана - Жер-ана»), Кочкарев (Н. Гоголь «Үйлену»), Люченцио, Кассио (У. Шекспир «Асауға тұсау», «Отелло») секілді әр алуан рөлдерді ойнауда орындаушылық шеберлігімен көзге түсті.
Ол режиссерлік қызметпен де шұғылданып, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Б. Майлиннің «Неке қияр», Ә. Таразидің «Жолы болғыш жігіт», Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында Әуезовтің «Алуа», Т. Әбдіктің «Біз үшеу едік», Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», Ш. Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», О.Сүлейменов пен Б. Мұқайдың «Заманақыр» және басқа туындыларды қойған.