2 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде сенбі - 2 наурыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
9.00-де Назарбаев Университетінде Astana Science Festival ғылым фестивалі өтеді. Шараны British Council (Британдық Кеңес) Назарбаев Университетімен, «Ғылым қоры» АҚ-мен және OYLA ғылыми-көпшілік журналымен бірлесіп ұйымдастырады.
АЛМАТЫ
9.00 - 14.00 аралығында №5 қалалық клиникалық аурухананың сурдологиялық орталығында Алматы тұрғындары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылады.
10.00-де «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жеке және параллель могул бойынша ерлер мен әйелдер арасында Фристайлдан Әлем Кубогының ақтық кезеңі өтеді. Жарысқа 17 елдің өкілдері қатысады.
АҚТӨБЕ
10.00-ден 12.00-ге дейін «Нұр-Ақтөбе-4» мөлтек ауданында 50 жас маманға көпқабатты үйден бір бөлмелі пәтер кілті табысталады.