2 наурыз. Тұлғалар туған күн
8 5 жыл бұрын (1938-2007) Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік және Жастар сыйлықтарының, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, профессор Райымбек Ноғайбайұлы СЕЙТМЕТ дүниеге келді.
Түркістан қаласында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген. 1970-1971 жылдары Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы жоғары режиссерлер курсында оқыған. 1959-1960 жылдары – «Қазақфильм» киностудиясының актері. 1960-1980 жылдары – Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, директоры. 1980-1982 жылдары – Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Өнер істері басқармасының бастығы. 1982-1995 жылдары – Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі. 1995 жылдан өмірінің соңына дейін Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер» кафедрасын басқарған.
Сахналық өнер жолында Әубәкір (Қ. Байсейітов, Қ. Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай»), Арыстан, Сұңғат (Қ. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті»), Қозы (Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Әбіш (М. Әуезов, Л. Соболев «Абай»). Шоқан (С. Мұқанов «Шоқан Уәлиханов»), Жайнақ (Ш. Айтматов «Ана - Жер-ана»), Кочкарев (Н. Гоголь «Үйлену»), Люченцио, Кассио (У. Шекспир «Асауға тұсау», «Отелло») секілді әр алуан рөлдерді ойнауда орындаушылық шеберлігімен көзге түсті.
Ол режиссерлік қызметпен де шұғылданып, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Б. Майлиннің «Неке қияр», Ә. Таразидің «Жолы болғыш жігіт», Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында Әуезовтің «Алуа», Т. Әбдіктің «Біз үшеу едік», Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», Ш. Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», О. Сүлейменов пен Б. Мұқайдың «Заманақыр» және басқа туындыларды қойған.
7 1 жыл бұрын (1952) танымал тележурналист, Қазақстан Журналистер одағының лауреаты Тілеуқабыл МЫҢЖАСАР дүниеге келді.
Түркістан қаласында туған. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1975 жылы Қазақ жасөспірімдер телевидениесінде алғашқы хабары эфирге шықты. «Хабар» агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істейді. 1998 жылдан телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі.
«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан журналистер одағының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы. «Хабар» агенттігінің «Алтын микрофонының» иегері.
41 жыл бұрын (1982) - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Болатұлы МЕЙРАМОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, заңгер (2003); Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономист (2005); Лондондағы Кинг колледжі, мемлекеттік саясат саласындағы магистр (2013).
Еңбек жолы: Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама бөлімі маманының м.а. (2003-2004); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімінің маманы (01.2004-12.2004); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті салалық заңнама бөлімінің маманы (2004-2005); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті салалық заңнама бөлімінің жетекші маманы (03.2005-07.2005); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті салалық заңнама бөлімінің бас маманы (2005-2006); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің салалық заңнама бөлімінің бастығы (03.2006-10.2006); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Заңнама сараптамасы басқармасы бастығының орынбасары (2006-2007); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Заңнама сараптамасы басқармасының бастығы (2007-2008); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары (2008-2009); Қаржы министрлігі Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары (2009-2010); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры (01.2010-11.2010); Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары (2010-2011); «Қазақстан Даму Банкі» Заң департаменті директорының орынбасары (04.2011-06.2011); «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Коммерцияландыру және инвестицияларды тарту департаментінің директоры (2014-2016); «БТА Секьюритиз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы (08.2016-12.2016); «Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры, «Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ Бақылау кеңесінің мүшесі (2016-2017); «БТА Секьюритиз» АҚ басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары, Алматы қаласы (08.2017-10.2017); «Финкрафт инвестициялық үйі» АҚ басқарушы директоры, Алматы қ. (2017-2019); «Кселл» АҚ Құқықтық мәселелер және мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінің директоры, Алматы қаласы (2019-2021).
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.