2 наурызда Қазақстанның көптеген бөлігі антициклон тарамында орналасады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 2 наурызда Қазақстанның көптеген бөлігі антициклон тарамында орналасады. Республиканың батысында циклон өз әсерін сақтап, мұндағы кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
None
None

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-22 метрге дейін күшеюі сақталады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсуі күтіледі.

Қостанай облысында таңертең және күндіз желдің секундына 18 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі, ал Шығыс Қазақстан облысында - кейбір жерлерде тұман түсуі күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысында түнде кейбір жерлерде тұман, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Алматы облысында кейбір жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, жел екпіні - 25 метрге дейін жетуі күтілуде.

Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде (Қызылорда облысының оңтүстігінде), Жамбыл және Алматы облыстарындағы төменгі таулы аймақтардың жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі байқалады. Арыс өзеніндегі «Арыс» гидроқұрылғысынан төмен жерлерде болып өткен тасқын толқынының таралуы есебінен су деңгейлерінің көтерілуі байқалады. 2-4 наурыз күндері Шардара су қоймасына 1420-1450 текше метр көлемінде су келіп түседі. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.

Соңғы жаңалықтар