2 облыста республикалық маңызы бар 2 жолда көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM - 22 ақпан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті.
Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау облысының Арқалық қаласымен шекарасы (көліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін)
«Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп – ұстауға 631 техника және 1389 жол маманы жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.