2 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 1 учаске
- «Щучинск-Зеренді» 0-77 км, Щучинск қ. - Зеренді а. аралығына - 77 км.
Жетісу облысында - 1 учаске
- «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. Достық ст. дейін – 100 км.;
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Қазір республикалық маңызы бар күре жолдарда 302 бірлік техника және 441 адам жұмылдырылды.