15:25, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
2 облыста дауыл соғады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РММ еліміздің екі облысында дауыл болатындығын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Сондай-ақ дәл сол күні Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.