21:49, 04 Сәуір 2023 | GMT +5
2 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазгидромет 5 сәуірде екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай жарқылдайды.