2 сәуірде ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 сәуір, сенбі күніне арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

2 сәуірде ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек солтүстікте, қиыр солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінің таулы аймақтарына өтіп жатқан циклон әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жел екпіні - 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстікте жел қарқыны 16 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында тұман, желдің күші 15-20 м/с төңірегінде болады.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі, солтүстігінде, батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Алматы облысының Алакөл көлдерінде жел екпіні 17-22 м/с дейін күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында тұман түседі, түнде оңтүстік-шығыста жел қарқыны - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында тұман болады.