2 шілдеде Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 шілдеде Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

2 шілдеде Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

«2020 жылдың 2 шілдесінде Алматыда жайсыз метеорологиялық жайсыз жағдай қалыптасып, ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы қалыпты.

Қазақстанның өзге шаһарларында метеодағдай қалыпта болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.