2 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 2 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 9.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ кеңсесінің алдында тұрғын үйге кезегінде тұрған 36 отбасы «Нұрлы Ертіс» бағдарламасын бойынша елордадан Екібастұзға қоныс аударады.
Сағат 16.00-де ҚР Ұлттық музейі Жастар жылы аясында жас суретшілер шығармашылығын қолдау мақсатында «ArmandaStar» топтық көрмесін ашады.
Сағат 17.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтық сектор өкілдерімен әлеуметтік маңызы бар сұрақтарға қатысты сот актілерін орындау, сондай-ақ, заң қызметтерін көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де С.Сейфуллин атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Ұлы Дала өрнектері» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2019 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.