2 тамызда еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 тамыз күні Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, басқа қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.