2 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде - ауа райы болжамы

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 2 тамызда ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

2 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде - ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Атырау облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Атырау облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады. Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық сақталады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы күтілуде. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.