2 жол-көлік оқиғасынан 1 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Елімізде орын алған 2 жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам мерт болып, 4 адам ауруханаға жеткізілді.
None
None

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Алматы облысының Көксу ауданына қарасты Балпық би ауылында «ВАЗ» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттан 1982 жылы дүниеге келген азамат оқиға орнында қаза тапты.

Ал Қостанай облысының Таранов ауданында, Қостанай-Жітіқара автожолының 102-ші шақырымында «Фольксваген» мен «БМВ» көліктері соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алған екі көліктің жүргізушілері мен олардың 2 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар