2 жыл бұрын адамзат тіршілігінен айырыла жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы екі жыл бойы адамзат баласы ештеңеге алаңдамастан, бейқам тіршілігін жалғастыруда. Яғни, олар 2012 жылы жер шары ғаламдық апат алдында болғанын сезініп те үлгерген жоқ, деп хабарлады NASA.

2 жыл бұрын адамзат тіршілігінен айырыла жаздады

Мұндай мәліметке АҚШ-тың Ұлттық ғарыш агенттігі енді ғана қол жеткізіп отыр. Зерттеулер бойынша 2012 жылдың 23 шілдесінде Күнде орасан зор жарқыл пайда болып, соңғы 150 жылда болмаған қуатты күн дауылы байқалған. Алайда ғаламат сәуле толқыны Жерді төңіректеп қана өткен. Колорадо университетінің ғалымдары «Егер ол тіршілік ғаламшарына дөп тигенде, адамзат баласы бүгінге дейін үйінділерді аршып бітіре алмас еді», – деп есептейді. Олардың пікірінше, мұны сол кезде анықтаған адамдардың ешқайсысы да жариялағысы келмеді. Алайда агенттік мамандары күн жарқылына дейін бір апта бұрын сәуле толқынының нысаны ғаламшарға бағыт алғанын бәрі бірдей байқап үлгермеген. «Егер оқиға бір жұмаға кешіккенде, біз Күннен тараған нағыз отты жолақтың астынан болар едік», – дейді ғалымдар. Тікелей күн жарқылының күші соншалықты, адамзатты соңғы ғасырдағы барлық жетістігінен, яғни қуат көзі, коммуникациялық желілер мен GPS-тен лез д е айырады екен. Бұған небәрі 10 минуттың өзі жеткілікті көрінеді , деп хабарлайды 24.kz.