08:58, 20 Қаңтар 2015 | GMT +5
20-22 қаңтарда республика аумағында температураның төмендеуі күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арадағы үш тәулікте республиканың барлық аумағында қар жауып, боран соғады, солтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 15-23 м/с жетіп, оңтүстікте қар жауып, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Бұл туралы Қазгидрометтен хабарлады.
Температура төмендеп, бірінші күні климаттық нормада болса, 22 қаңтарда орташа көпжылдық деңгейге жақындайды. Ал батыста ауа температурасы бұл көрсеткіштен 3-5º төмен болады.