20 ақпан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 20 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
11.00-де ҚР Парламенті Сенатында «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.
11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР-да нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың тармақтарын іске асыру» атты дөңгелек үстел өтеді.
19.00-де Astana Opera театрында «РОМАНСПЕН КЕЗДЕСУ» атты вокалдық музыка кеші өтеді.
19.00-де Жастар театрында «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» сахналық повесі қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Үнсіздік» перфомансы ұсынылады.